19
ноябрь
2019
Дүниежүзілік сағат: "Қазіргі және болашақ: әр бала үшін қорғалған балалық шақ!"
20 қараша Дүниежүзілік балалар күніне және Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы қабылданғандығының 30 жылдығына, орай мектебімізде "Балалар үшін бірге" атты іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. 1-11 сынып оқушылары арасында "Қазіргі және болашақ: әр бала үшін қорғалған балалық шақ" тәрбие сағаттары, "Бала құқығы-адам құқығы" дөңгелек үстел /8-11 сыныптар/, "Балалар бақыты балалық шақ үшін" тәрбие сағаттары /1-4 сыныптар/, "Қатігездіксіз және зорлық-зомбылықсыз Балалық шақ" /тренинг/, "Ұнайтынымды суретке саламын" Даярлық топ оқушылары арасында суреттер сайысы, "Отбасындағы тәрбие мен рухани ахуал" 5-11 сынып оқушылары ата-аналарының жиналысы өткізілді.







